Президент Салық кодексіне қол қойды

Президент Салық кодексіне қол қойды

Президент Салық кодексіне қол қойды
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Салық кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
 "Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) қол қойды", — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ президент жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.