Тәжікстан "Google-ға салық" жүйесін енгізуді ұсынады

Тәжікстан "Google-ға салық" жүйесін енгізуді ұсынады

Тәжікстан "Google-ға салық" жүйесін енгізуді ұсынады
ашық дереккөзі
 Тәжікстан "Google-ға салық" жүйесін енгізуді ұсынады. Тәжікстанның салық комитетінің басшысы Нусратулло Давлатзода елдегі жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсетіп отырған шетелдік компанияларға салық салуды ұсынады. Оның сөздерінше, интернет арқылы сауда жасайтын Google, Apple, Microsoft, Facebook, eBay, Aliexpress, Yahoo, Bing Ресей аумағында салық төлей бастады. Мәселен биыл бірінші тоқсанда Ресей қазынасына 2 млрд рубль түскен. Бұл құжат көпшілікке "Google-ға салық" атымен белгілі. Салық комитетінің басшысы бұл жүйені елге енгізсек, мемлекет қазынасын шетелдік компания есебінен толтырамыз деп үміттенеді. Нусратулло Давлатзода соңғы 9 айдың көрсеткіші бойынша, кеден салығының түсімі 212 миллион сомони (23 млн доллар) болып, жоспардағыдан әлдеқайда аз болды дейді. Осы үшін де Нусратулло Давлатзода мен кеден қызметінің басшысы Абдуфаттох Гоиб қараша айының соңында мемлекет басшысынан сөгіс естіген.