Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны жарты жылға ұзартты

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны жарты жылға ұзартты

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны жарты жылға ұзартты
ашық дереккөзі
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны жарты жылға ұзартты. Еуропалық сот Украина егемендігіне қол сұққаны үшін Ресейге қарсы санкцияны тағы алты айға ұзартты. Шектеу шаралары 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады. "Бұл шешім биыл 14 желтоқсанда Франция президенті Макрон мен Германия канцлері Меркель Еуропалық Кеңеске Минск келісімінің орындалу барысы жайында ақпарат бергеннен кейін қабылданды ", – деп жазылған Еуропалық соттың ресми сайтында. Батыс елдері Ресейге қарсы санкцияларды 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін қабылдады. Содан бері шектеу мерзімін ұзартып келеді. Мәскеу болса түбекті Ресейге қосуын "тарихи әділеттілік орнаттық" дейді, ал Украина шығысындағы кикілжіңге араласуын теріске шығарады.