Тойда қалыңдықтың 11 құрбысы мерт болды

Тойда қалыңдықтың 11 құрбысы мерт болды

Тойда қалыңдықтың 11 құрбысы мерт болды
ашық дереккөзі
Нигерияның Кано қаласында қалыңдықтың құрбылары мінген көлік жол апатына ұшырап, 11 қыз қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Жол апаты 23 желтоқсанда кешкісін болыпты. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, шлагбаумға соғылған. Полиция өкілі Кабир Ибрахим Даура хабарлағандай, сегіз қыз апат орнында ажал құшса, үшеуі ауруханада көз жұмған. Тағы үш әйел мен жүргізуші жарақат алыпты. Бастапқы тергеу нәтижелері бойынша, көлік апатына жылдамдықты шектен тыс асыру себеп болған.