Мәскеуде Шыңғыс Айтматов ескерткіші бой көтереді

Мәскеуде Шыңғыс Айтматов ескерткіші бой көтереді

Мәскеуде Шыңғыс Айтматов ескерткіші бой көтереді
ашық дереккөзі
Мәскеудің Даниловский ауданындағы Подольск тас жолы мен Павлов көшесінің қиылысындағы Шыңғыс Айтматовтың атымен аталатын алаңға қырғыздың атақты жазушысының ескерткіші орнатылады, деп хабарлайды kabar.kg. Қала мэрі Сергей Собянин осындай бұйрыққа қол қойып, жұмысты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырды. Ескерткіштің қаржылық-жобалық жағын, сонымен бірге оны орнату, маңайын абаттандыру жұмыстарын Қырғызстан жағы өз мойнына алмақшы. Жұмсалатын шығын көлемі 28 млн сомды құрайды. Мәскеу қаласының басшылығы Қырғызстан елшісінің маусым айындағы ұсынысын бір ауыздан қолдаған болатын. Бұл - Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына да орайластырылған.