Ким Серікбаев: Алдыма қойған мақсатыма жеттім

Әскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, полковник Ким Серікбаев  сексеннің сеңгіріне қарай бет алса да, әлі күнге сергек. Күні бүгінге дейін тыным таппайтын ақсақал Алматы қаласы, Медеу аудандық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметін де қоса атқарып жүр. Талап пен тәртіпті сүйетін кейіпкерімізге уағдаласқан уақытта бардым. Сұхбаттасуға сақадай-сай отыр екен.

– Ким Серікбайұлы, сізді Қазақстан қарулы күштерінің негізін қалаушы, алғашқы ұйымдастырушылардың бірегейі, отандық әскери доктринаның авторы ретінде білеміз. Сіздің әскери жолдағы еңбегіңіз жастарға үлгі. Осы жөнінде кеңірек айтып берсеңіз…

– Өмір жолым мен әскери жолымды бөліп-жарып айтуға келмейді. Екі жол қабысып, бірігіп кеткен. 1941 жылы мектепке бардым. Осы жылы сұрапыл соғыс басталды ғой. Мұғалімдер «соғыс не үшін болып жатыр?» деген сұраққа жауап беретін. Гитлердің дүниежүзін жаулап алу, қол астындағы елді құлға айналдыру саясаты 1941-42 жылдары елді қатты үрейлендірді. Ал 1943 жылдары соғысқа кеткен ағаларымыз жараланып, жарымжан болып орала бастады. Ара-тұра сол кісілердің әңгімесін тыңдаймыз.

Әлі есімде, 1944 жылы Темір деген ағамыз соғыстан оралды. Бір аяғын кесіп тастаған, орнына «ағаш аяқ» киген. Ол соғыстан тірі келгеніне тәубе дейтін. Сол кісі бізге дене тәрбиесінен сабақ берді. Біз, жетім балалар мектеп-интернатта оқимыз. Ол кезде бастауыш әскери пәні болмайтын. Сол кісі таңғы сағат 6 жарымда интернатқа келіп, «выходи на физнарядқа» деп бізді тұрғызатын. Онысы «физзарядка» дегені ғой. Сағат 7-де сапқа тұрамыз, дене шынықтыру тәсілдерін үйретеді, өзі бізбен бірге жүгіреді. Біз сол күн тәртібіне қалыптастық, осы күнге дейін сол тәртіппен келеміз.

1945 жыл. Жеңіс. Жауды жек көру, жауды жеңу біздің сана-сезімімізге әбден сіңген. Сонда 10-11 жастағы біздің бойымызда патриотизм деген ұғым, сезім қалыптасып қалған кез. Осы жылдары бізді Ақтөбеге интернатқа көшірді. 6-кластан бастап «бастауыш әскери дайындық» пәні жүргізіледі. Қалада соғыстан қайтқан кісілер көп болатын. Интернаттың директоры Нұрғазин Сәрсенғали бір аяғын Кавказда қалдырған. Аяғындағы протезі жүргенде сықыр-сықыр ететін. Әдепкіде үрейлене қарағанмен, кейін үйреніп кеттік. Бұл кісі бізге биология, зоологиядан сабақ берді. Математикадан Ақтаев Губайдулла капитан шенінде, физикадан Асепов деген ағамыз, аты Ғұмыр ма еді есімнен шығыпты, бастауыш әскери пәннен Олег Гутеевич деген ағайлар сабақ берді, бұлардың барлығы соғыстан келген кісілер.

7-кластан бастап осы кісілердің әсері ме, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов сияқты батырларға еліктеп, әскери мамандықты игеруге бел байладым. 9-класта жүргенде кейде Олег Гутеевичтің орнына бастауыш әскери пәнінен сабақ өткізетін едім. Ол бүкіл мектепке, таңертең дене шынықтыру, парадқа дайындалуды өзі тапсыратын.

– Сонда балалық арманыңыз – әскери адам болуға сол кезде біртабан жақындадыңыз ба?

– Біз 1952 жылы орта мектепті 23 түлек бітірдік. Солардың көпшілігі жоғары оқу орындарына талап қылып жатты. Оқу мерзімі – төрт-бес жыл. Ал әскери білім беретін училищеде оқу екі жылдық қана екен. Қатарымнан қалып қоятындай бір түрлі намыстанып, институтқа барып жүргенім содан ғой.

Әскери мамандыққа қызығуыма Жансен Кереев әсер етті. Онымен Ақтөбедегі №6 орта мектепте бірге оқыдым, интернатта бірге жаттық. Жансен менен екі сынып жоғары оқыды. Ол көп үндемейтін, нақты сөйлейтін, салмақты жігіт болып өсті. Әлі есімде, Жансеннің жазуы маржандай әдемі шығатын. Ол кезде машинка, қазіргідей компьютер жоқ. Мектептегі қабырға газеті қолмен жазылады. «Крокодил» деп аталатын сол газетті шығарушылардың бірі сол Жансен еді. Қысқасы, Жансен Кереев сол кезден бастап маған қай жағынан да үлгі болды. Сол кезден бастап оны алдымдағы бағдаршыдай сезінумен болдым.

Тау-кен институтынан талабым қайтқаннан кейін, әскери мамандыққа жақын ба деп ойладым-ау деймін, сол кездері жаңадан ашылып жатқан заң институтына барып құжаттарымды тапсырдым. Сол кезде бұл оқу орнының басшысы Салық Зиманов еді. Онда бір жыл ғана оқыдым. Артымнан келетін көмек жоқ, күндіз оқып, түнде трамвай депосында көлік жуушы болып істеп жүріп, қатты салқын тигізіп алдым. Бәрібір көздеген мақсатым алдымнан көлбеңдеп тұрып алды. Сөйтіп, 1953 жылы Уфадағы әскери училищеге оқуға қабылданудың сәті түсті. Менің әскери жолым осылай басталды.

Уфадағы әскери білім ордасын үздік бағамен бітірген маған лейтенант шенімен бірге болашақ қызмет орнын таңдауда кең мүмкіндік берілді. Алайда асау жастық жігер, болашаққа ұмтылыс маған сонау Солтүстіктің шегі болып саналатын Чукотканы таңдатты. Қиындықтар болды, бірақ таңдауыма өкінбеймін.

Сондай қиындықтарды бастан өткеріп, жастарға жол көрсете отырып, 1988 жылы полковник шенінде запасқа шыққанымша шегінген кезім болған жоқ. Отыз бес жыл. Қиын ба, оңай ма, өзіңіз пайымдай беріңіз.

Қиыншылық жылдар. Жетім-жесірлердің жағдайы белгілі ғой. Осы уақытта маған ең жақын адам нағашым болды. Бұл кісі соғыстан жеті жерінен жаралы болып оралған. Келгеннен кейін милиция болып орналасты. Менің бар ойым – әскери маман болу. Мектепте математикадан Ғұбайдулла Ақатаев ағай сабақ беретін. Сол кісі сабақ сұрағанда: «ай, жапабайлар, сендер теореманы, аксиомаларды, формулаларды, уравнениені қазақша дәлелдедіңдер, енді орысша айтыңдар, ертең орыс тілі өздеріңе керек» деп айтатын. Орысшам жаман емес еді, бәрібір ауызша емтиханда жеткізіп айта алмадым, ол кезде емтиханды орысша тапсырдық қой. Енді не істеймін? Естияр балалар «КазГУ-ге, Заң институтына бар» деп ақыл айтты. Сонымен, математикадан сынақ тапсырмайтын мемлекеттік Заң институтына бардым. Ректорға бару керек. Емтихан жүріп жатыр, менің жолым бөлек, жол-жөнекей қосылып отырмын ғой. Арызымды алдында бергенмін. Құжаттарымды, емтихан тапсырған бағаларымды алып, ректорға кірдім. Әскери формада, орден тағып алған кісі қарсы алды. Ректор Салық Зиманов та соғыстан келген екен. Жалпы, соғыстан келген кісілер бауырмашыл, жаны ашығыш келеді. «Жетім екенсің ғой, неге кешігіп жүрсің?» деген соң, «әскери боламын деп, институтқа барып едім, онда жолым болмады» деп бар шындықты айттым. «Онда қосымша екі сабақтан, тарих және Конституциядан үш күн ішінде емтихан тапсырасың» деп рұқсат берді. Сонымен екі емтиханды 4 пен 5-ке тапсырып, студент атандым.

Бірінші курсты бітірер шақ. Барлық сынақ пен бір емтиханды тапсырдым. Әрі сол кезде «сухой плеврит» деген аурумен қатты науқастанып қалдым. Стипендия алсақ та жетпейді. Содан үш бала болып трамвай депосына таңғы сағат 4-тен барып, трамвай жуамыз. Сағат 6-да трамвай жолға шығу керек. Сөйтіп жүріп суық тигізіп алыппын. «Каменское платоға» ауруханаға жатқызды. Емтиханнан қалып, қайтадан ректорға кірдім. Салық Зиманов жағдайды біліп отыр екен. «Академ отпуск ал, қалған емтиханды келген соң тапсырасың» деді. Елге бардым. Өзім оқыған интернат директоры Нұрғазин аға «студентсің ғой, ақша тап» деп демалысқа кеткен кітапханашының орнына жұмысқа алды. Нағашы ағам мен апам: «Әскери училищеге барамын деуші едің ғой. Онда тегін тамақ, тегін форма береді. Сен одан да сол училищеге барсаңшы» деп ақылын айтып бәйек.

Үй-ішімізбен ақылдаса келе райкомның бірінші хатшысы Колешниковке баратын болдым. Бұл кісі бұрын теміржолда істеген. Әкемнің досы. Ауылға келіп балық аулайтын, соғысқа қатысқан. Колешников мені көріп, басымнан сипап, «азып кетіпсің, аяғыңдағы киімің де тозыпты» деп қалтасынан 50 сом ақша берді. Келген жұмысымды айттым. Сол мезетте военкомға телефон соқты: «Мына бала жетім. Училищеден орын тап, қабылда» деді. Сол кездегі партияның күші-ай десеңші! Военкомға қайтып бардым. «Ақтөбеде орын жоқ. Уфа, Ташкент қалаларындағы училищеде бір-бір орын бар. Қайсысына барасың, ерік өзіңде», – деді. Ойлана келе Уфаға баратын болдым. Ташкент Алматыға жақын жерде болған соң өз ауылым сияқты көрінді. Уфадағы училищеде 3 жыл оқып, озат бітірдім.

– 1966 жылы әскери Академияға түскен кезіңізде соғыс тактикасы бойынша келген сұраққа Бауыржан Момышұлының көмегі тиді дегенді естіп едім. Бұл қаншалықты рас?

– Фрунзе атындағы әскери Академияға түстім. Бір орынға алты адам таластық. Оған рота командирінен жоғарыларды ғана алады. Ол Академияға 32 жасқа дейін қабылданады. Менің жасым 33-ке асып барады. Жасыма байланысты күндізгі бөлімге қабылдамады. Сонымен сырттай оқуға түсуге емтихан тапсырдым. Билетті алсам, бірінші сұрағы – тактика (соғыс тәсілі). Қоршаудан шығуға бола ма? Жүрегім су ете қалды. Өйткені ол кездерде негізгі бағыт «шабуыл және қорғаныс» мәселесіне көп көңіл бөлінетін. Қалған сұрақтары қару-жарақ т.б. Егер бірінші сұраққа 5-ке жауап берсең, қалған сұрақтарға жеңіл қарайтын. Әрине, жалпы тактикадан хабарым бар. 500 беттік тактика туралы жазылған кітапты оқығанмын. Бұл жерде бір ұтатын мәселе егер соғыс жағдайынан мысал келтіре алсаң ұтасың. Осы жерде Бауыржан Момышұлының 5 рет қоршаудан шыққан тактикасы есіме түсе кетті. Көз алдымда елестетіп отырып, Баукеңнің батальонды жау қоршауынан қалай алып шыққанын қағазыма сызып алып, әбден дайындалдым. Тақтаға шығып, тактика теориясын айта келіп, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының қоршаудан қалай шыққанын тақтаға сызып тұрып дәлелдеп айтып бердім.

Емтихан қабылдап отырған 5 полковник. Тактикадан қабылдаушы көзілдірігі бар, түсі сұп-сұр полковник. Баукеңді айтқанда басын көтеріп алып, маған кобра жыланы сияқты тесіле қарады. Сонда да білгенімді тақылдап айтып жатырмын.

Қоршаудан шығудың шебері, Панфилов дивизиясының батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының іс-әрекеті осындай болған деп тақтайға сызғанымды көрсеттім. Көзілдірікті полковник маған қарап, қаламымен үстелді ұрып: «Қайда қазір сен айтқан атышулы Бауыржан Момышұлы?» – деді. «Елден жырақ жүрмін, білмеймін қайда екенін», – дедім. «Так-так» деп, қаламымен үстелді бір ұрып: «билетке жауапты өте жақсы қайтардың, ал бірақ Бауыржанның қайда екенін білмегенің дұрыс емес», – деді. Денем мұздап жүре берді. Құрыдым ғой деп тұрмын. Көзім сол полковниктің қолындағы қаламында. Алдындағы қағазға бір белгі қойғандай болды. «5» деген баға қойғанда, жүрегім жарылып кете жаздады. Сөйтіп, 1966 жылы Фрунзе атындағы Академияға 25 баллмен түстім.

– Өмірде жақсыларға жақын жүргеніңізді байқау қиын емес. Атақты Бауыржан Момышұлының батасы да септігін тигізді ғой…

– Бауыржан Момышұлын пір тұтқан адаммын. Тірлікте онымен қоян-қолтық араластым, жақын жүріп сырластым, жанынан табылдым деп өтірік көлгірси алмаймын. 1975 жылы Алматы жоғары партия мектебінде әскери кафедра бастығы болып бара жатқанымда Бауыржан ағамыз «Сен келешегің бар азамат екенсің, бірақ мына жерде көп отырып қалма!» деген сөзін айтқан. Ол кісінің осы лебізі әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұрады.

Жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беру – менің ғұмырымның бір бөлшегі іспетті. Бүгінге дейін осы бағдарымнан тайған емеспін. Өмірлік тәжірибемді пайдаланып, бірнеше кітаптар жаздым.

«Менің өмірімдегі Бауыржан Момыш­ұлы» («Бауыржан Момышулы в моей жизни»), «Перзенттік парыз» («Сыновний долг»), «Тактика кафедрасында» («На кафедре тактики»), «Қайырымды істің ғұмыры қашанда ұзақ» («Доброму делу – долгая жизнь»), «Жеңіп алынған Тәуелсіздікке – берік қорған» («Обретенной Независимости – надежную защиту») атты кітаптарым жарық көрді.

Осы кітаптарымның бірінің атауынан байқалып тұрғандай, халқымыздың қалаулы перзенті, қаһарман Бауыржан ағаның менің санамдағы, жүрегімдегі келбетін сол еңбегімде көрсетуге тырыстым. Қажет еткен адам оқып шығуына болады.

1988 жылы мен отставкіге шыққаннан кейін Алматы қаласындағы республикалық әскери мектеп-интернатты басқаруға келдім. Сол тұстағы қолға алған бір шаруам даңқты қолбасшы полковник Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөніндегі республика жұртшылығының бастамасын барынша қолдауға ұйытқы болу еді. Ал 1991 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен біздің республикалық әскери мектеп-интернатына Бауыржан Момышұлының есімі берілуі біз үшін ерекше қуаныш, айрықша жеңіс іспетті болды. Оқу орнының алдына мүсінші Павел Шороховтың сомдауымен Бауыржан Момыш­­ұлының бюсті орнатылды. Бұл шаралардың барлығы да жас буынды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу үшін өз септігін тигізді деп ойлаймын.

1975 жылы Алматыдағы Опера және балет театрында Ұлы жеңістің 30 жылдығына арналған конференция өтті. Үзіліс кезінде Баукеңе жолығып қалдым. Маған тесіліп қарап: «Қай Академияны бітірдің?» – деді. Значогіме көзі түсті ғой деймін. «Фрунзе Академиясын», – дедім. «Молодец!» – деп қолын берді.

1978 жыл. Опера және балет театрының сол жағында Әуезовтің, оң жағында Жамбыл атамыздың бюстері бар. Өтіп бара жатып Баукеңнің дауысын естідім. 1977 жылы полковник шенін алғанмын. Баукеңе барып: «Жолдас, полковник, сізге полковник Серікбаев сәлем береді» деп анық дауыспен сәлем бердім. Екі қолымен амандасып, өзіне тартып алды. Қасындағы кісіге қарап, «Академияға түсерде маған көмектестіңіз деп еді, қазір маған жетіп алды» деп жылы жымиды.

– Бүгінгі күнге ойыссақ. Қазір Отан алдындағы борышын өтеуге жастарды бір жылға алады және төрт айлық төлемді борыш өтеуі бар. Осы мерзімдер әскери мамандықты игеруге толық жеткілікті ме?

– Отан қорғау үшін азаматтар маман болу керек. Бұрын 3 жыл, одан кейін 2 жыл, ал қазір 1 жыл әскерде болады. Әскери мамандар, генералдар, училище басшыларымен осы күнге дейін байланыстамын. Олар кеңес сұрайды. Кейінгі жаңалықтарға қанық етеді. Шәкірттерім – Сәкен Жанұзақов, Марат Майкеев өте сауатты, білгір мамандар. Қазіргі заманда бір жылдың ішінде әскери маман болу мүмкін емес. Бүгінде неше түрлі қару-жарақтарды, көліктерді игеру оңай емес. Ал 3-4 айда әскери-техникалық мектепті бітіріп, әскери билет алып жатады. Өз басым мұндайды қолдамаймын. Военкомдар да, әскери қолбасшылар да қолдамайды деп есептеймін. Бірақ біз заңға бағынамыз. Әскери маман болу үшін кемінде 2 жыл керек.

– Ким мырза, сексенді еңсеріп, тоқсанға қарай қадам бастыңыз, шаршамай жүзге жетуіңізге тілектеспіз. Сіздің қазіргі жас жігіттердің қолы жете бермейтін жіптіктей спорттық формаңызды қалай сақтап жүргеніңіз туралы білсек…

– Біріншіден, ертемен тұрып азғантай болса да дене шынықтыру жасау керек. Баяғы мектеп-интернатта қалыптасқан тәртіп қой. Күн сайын сағат алты жарымда тұрамын. Бірақ қазір күнде таңертең дене шынықтырумен айналысамын дей алмаймын. Өйткені үйдегі апайларың төсек тартып қалды. 61 жыл бірге өмір сүрдім, балаларымның анасы. Сол кісіге көп көңіл бөлемін.

Екіншіден, темекі тартқан емеспін. Өкпем тап-таза. 1949 жылы 6-класқа Ақтөбеге келдік. Ол кезде бізбен бірге ересек балалар оқитын. Сол балалар бізге үлкендік жасайтын. Ақтөбеде мектеп-интернаттың маңында базар бар еді. Әлгі ересек балалар «бычок» жинайды. Темекінің қат кезі. Жылқының кепкен тезегін уқалап, шөбін алып қосады да, газетке орап, шылым қылып түтінін будақтатып сорады. Әлгі жігіттер «сен не жігіт емессің бе?» деп газетке ораған шылымын маған да тартқызды ғой. Содан көзімнен де, мұрнымнан да су ағып, өліп қала жаздадым. Содан кейін қайтып темекіге жолаған емеспін.

Үшіншіден, тамақ мәселесі. Әрине, дәмді тамақты, қазы-қартаны кім жек көрсін?! Бірақ байқап тамақтанамын. Өзімді іркемін. Осы жегенімді сіңірейін деймін. Көз тоймайды, бірақ өзіңді тоқтата білуің керек. «Ынсап сайын – береке» дегендей. Немістердің «біз тамақ жеу үшін өмір сүрмейміз, бірақ өмір сүру үшін тамақ керек» дейтіні бар. Мұны түсіне білу керек. Кейде әскери жас жігіттерге де «бұларың не, қарындарыңды қампитып?!» деп ескерту жасаймын. Қызарақтап қалады. Менің жасым ескерту жасауға мүмкіндік береді ғой.

Төртінші, ішімдік мәселесі. Арақ-шарапты байқап ішу керек. Баяғыда ішетін адамдардың арасында біреу ішпей отырса, сол адамды сатқындай көретін. Өмірімде бір рет мас болдым, бірақ ешнәрсе бүлдірген жоқпын. Қазір бәрін тоқтаттық қой. Бірақ көппен отырған жерде көңілді отырғанды жөн көремін.

– Бір америкалық офицер сізге өзінің погонын, ордендік колодкасын сыйлапты деп естіген едік. Сол туралы айта кетіңізші…

– 1977 жылы сәуірде Алматыда «НАТО: партнерство во имя Мира и Согласия» атты дөңгелек үстелі өтті. Бұл жиынға Қазақстаннан Парламент депутаттары, әскерилер, ғалымдар, барлығы 19 адам қатысы. НАТО-дан – 1 генерал және 16 офицер болды. Баяндамашы Альянс генералы НАТО-ның жетістіктері туралы, дүниежүзілік орны туралы мақтауын жеткізеді.

Бесінші болып сөйледім. Әрине, менің сөзімде НАТО-ны мадақтау емес, НАТО-ның Балкандағы іс-әрекеті, бұрынғы Югославияның бөлшектенген тағдыры туралы айтылды. Қысқасы, бейбіт өмірге қарсы әрекеттерін мәдениетті түрде әшкереледім. Үзіліс жарияланды. Сол кезде НАТО-ның бір топ офицерлері жаныма келді. Олардың ішінен бір офицер: «Мен және менің жолдастарым сіздің жарыс сөзіңізді тыңдағаннан кейін алғыс айтуды жөн көрдік. Сіздің айтқан шынайы сындарыңыз және өте ойландыратын ұсыныстарыңыз шараға маңызды үлес қосты. Сізбен кездесудің өзі бізге үлкен әсер етті. Сізді – бейбітшілік өмірдің өкілі ретінде қабылдадық. Осыған байланысты өзімнің әскери белгілерімді сізге сувенир ретінде ұсынамын», – деп әлгі подполковник өзінің ордендік колодкасын, кокардасын және погонын берді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан

Өскенбай Құлатайұлы

Редакция таңдауы

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...
maxresdefault

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс...
1 1

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық...
balaeva scaled 1

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР...

Жаңалықтар

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау...

Әнші Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» байқауына қатысады

Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысы-11» жобасындағы сынақтан өтіп, Олег Винниктің командасына қабылданды, деп хабарлайды украиналық ТСН арнасы. Диляра әлемдік жұлдыз Мэрайя Кэридің «My All»...

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Головкиннің келесі қарсыласы

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1,...

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

8-наурыз мерекесін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт...

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу...

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы,...

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға...

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...