Шанхайда қазақ тілі мен мәдениеті ұлықталды

Шанхайда қазақ тілі мен мәдениеті ұлықталды

Шанхайда қазақ тілі мен мәдениеті ұлықталды
ашық дереккөзі
Шанхайда қазақ тілі мен мәдениеті ұлықталды. Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы Шанхай шет тілдері университетімен бірлесіп қазақ тілі мен мәдениеті апталығын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген шараға Шанхай қаласы халық үкіметінің өкілдері, сарапшы ұйымдар, қазақ диаспорасы, университет ұстаздары мен қазақстандық студенттер, шетелдік дипломаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Апталықтың құрметті қонақтары қатарында қыздарымен бірге келген қазақстандық және қытайлық сазгерлер Бақытжан Байқадамов пен Сянь Синхай болды. Қазақстанның Қытайдағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға тоқтала келіп, біздің елдегі іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, Мәңгілік ел идеясы туралы айтты. Мәдени апталық аясында «Көшпенділер» және «Жау жүрек мың бала» фильмдері көрсетілді.