Жаңалықтар

Арселор Митталдағы еңбек дауы реттелді

Арселор Митталдағы еңбек дауы реттелді

Арселор Митталдағы еңбек дауы реттелді. Қарағандыда еңбек дауын реттеуге байланысты құрылған екіжақты комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, кәсіподақтар және көмір департаментінің сегіз шахтасының бастамашыл тобы, сонымен бірге мекеме басшылығы барлық мәселелер бойынша бір мәмілеге келді. «Қиын жағдайда қалдық, дегенмен еңбек дауын шештік. Қазір барлық сегіз шахта штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бастамашыл топтың алға қойған ендігі мақсаты - қабылданған шешімдерді еңбек ұжымдарына нақты жеткізу», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. Жалақы мәселесі бойынша қос тарапты да ортақ мәмілеге келтіретін шешім табылған.  Комиссия жұмысы барысында бірқатар сұрақтар ұжымдық келісім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа редакцияда қаралуына байланысты күн тәртібінен түсіп қалған. Тараптар материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша өзара келісімге келді.