Жүлде алған «Шарбақ» пьесасы
Жүлде алған «Шарбақ» пьесасы
Анкара қаласында Еуразия Жазушылар қауымдастығы драматургия саласы бойынша ұйымдастырылған Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.
Шараға Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі қолдау білдірді. Түркітілдес мемлекеттерден 48 үміткердің өтініші сараланған байқау биыл екінші мәрте жүзеге асты. Жеңімпаздарды ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуп Омароғлы, Түркияның бұрынғы Мәдениет және туризм министрі, профессор Наби Авжы, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман құттықтап, түркітілдес елдердің достық қарым-қатынасына әдебиеттің қосар үлесін атап өтті.
[caption id="attachment_45245" align="alignnone" width="466"]
«Осылай өмір сүргім келеді» аталатын алғашқы повесі 1965 жылы жарық көрді. «Мұны ұмытуға болмайды» (1969), «Солмайтын гүл» (1977), атты повестер мен әңгімелер жинақтары, «Жалғыз жалбыз» (1987), «Идикут» романы жарық көрген. «Өлмейтіндер» (1973), «Мақамшы» (1979), «Дихан» (1984), «Жылпос» (1987) пьесалары Ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылды.
Шығармаларында адамгершілік, парасат, адал еңбек, адамға адамның мейірбандығы, достығы, кертартпа салт-санамен күрес сияқты әлеумемтік және қоғамдық мәселелер көтеріледі. Қ.Шаңғытбаевтың «Ой, жігіттер-ай» комедиясын, Г.Лорканың «Қанды құдалық» пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалады. Бірқатар шығармалары қазақ және орыс тілдерінде оқырманға жетті.