Жүлде алған «Шарбақ» пьесасы

Жүлде алған «Шарбақ» пьесасы

Жүлде алған «Шарбақ» пьесасы
ашық дереккөзі

Анкара қаласында Еуразия Жазушылар қауымдастығы драматургия саласы бойынша ұйымдастырылған Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Шараға Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі қолдау білдірді. Түркітілдес мемлекеттерден 48 үміткердің өтініші сараланған байқау биыл екінші мәрте жүзеге асты. Жеңімпаздарды ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуп Омароғлы, Түркияның бұрынғы Мәдениет және туризм министрі, профессор Наби Авжы, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман құттықтап, түркітілдес елдердің достық қарым-қатынасына әдебиеттің қосар үлесін атап өтті. [caption id="attachment_45245" align="alignnone" width="466"] width= ТҮРКСОЙ басшысы Дүйсен Қасейнов[/caption] Тартысты түрде өткен додада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Ахметжан Ашири «Шарбақ» пьесасымен І орын иеленді. ІІ орынды түрік драматургі Лүтфи Шахсувароғлы «Тұғрыл Бейдің түсі» пьесасымен жеңіп алды. ІІІ орынға әзірбайжан жазушысы Первин Нұралиеваның «Асып өтер Арасты», ІV орынға түркімен жазушысы Оғулмая Семизаденің «Ұлы таулардың әні» атты драмасы лайық деп табылды. 2014 жылы өткен алғашқы байқауда халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораз «Менің де өмірім бір қызық кітап» әңгімесі үшін І орын иеленген болатын. Ахметжан Ашири – 1938 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Еңбек жолын мектепте мұғалімдік қызметтен бастады, кейін Қазақ радиосында диктор болды. Әр жылдары республикалық «Коммунизм туғи» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші міндеттерін атқарды. 1986 жылдан хатшы болып істейді.  width= «Осылай өмір сүргім келеді» аталатын алғашқы повесі 1965 жылы жарық көрді. «Мұны ұмытуға болмайды» (1969), «Солмайтын гүл» (1977), атты повестер мен әңгімелер жинақтары, «Жалғыз жалбыз» (1987), «Идикут»  романы жарық көрген. «Өлмейтіндер» (1973), «Мақамшы» (1979), «Дихан» (1984), «Жылпос» (1987) пьесалары Ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылды. Шығармаларында адамгершілік, парасат, адал еңбек, адамға адамның мейірбандығы, достығы, кертартпа салт-санамен күрес сияқты әлеумемтік және қоғамдық мәселелер көтеріледі. Қ.Шаңғытбаевтың «Ой, жігіттер-ай» комедиясын, Г.Лорканың «Қанды құдалық» пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалады. Бірқатар шығармалары қазақ және орыс тілдерінде оқырманға жетті.