Бұрынғы күйеуі өртеп жіберген мұғалім қайтыс болды
Бұрынғы күйеуі өртеп жіберген мұғалім қайтыс болды
Бұрынғы күйеуінің каскөйлігімен денесінің 70 пайызын күйік шалған мұғалім көз жұмды. Аурухананың жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатқан әйелді дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады.
Марқұм Светлана Садуова Астана қалалық №25 мектептің мұғалімі еді. “Ол кешкі сағат 10-дар шамасында көз жұмды. Бұл күн – Светлананың екінші ұлы Алматтың туған күні еді. Оған бұл хабар өте ауыр тиді”, – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке әйелдерге көмек беретін кризистік орталықтың медицина қызметкері Айгүл Тажикова.
Алайда, полиция әлі күнге іздеу жарияланған қылмыскерді таба алмаған. Естеріңізде болса, 26 мамыр күні астаналық тұрғын Светлана Саудованың бұрынғы күйеуі көшеде оның үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген болатын. Салдарынан әйелдің денесінің 70 пайызын күйік шалып, аурухананың жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатып бақиға аттанған.