Жаңалықтар

Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті

ашық дереккөзі

Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Түрік зиялыларының 2-ші басқосуы өтті.

Басқосуға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, Түркияның көрнекті ғалымы Ахмет Бижан Ержиласун, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы, «Кардеш калемлер» журналының бас редакторы Әли Акбаш, Әзірбайжан Жазушылар одағының төраға орынбасары Решат Межит, жазушылар Ахметжан Ашири, Оғлумая Семизаде, Первин Нұралиева, Салтанат Асанбекова, Тажигүл Семизаде, Ілияс Ерен қатысты. [caption id="attachment_45232" align="alignnone" width="464"] Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің өкілі, «Қорқыт ата» атындағы түркі әлемі драматургиялық конкурсының жеңімпазы, жазушы Ахметжан Ашири «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет беріп, Қазақстанның бірлікке үндеген елдік идеясының барлық ұлттарға үлгі болатындығын атап өтті. Шара барысында түрік тілінде жарық көрген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаты» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Жиын соңында Елші А.Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлес қосқаны үшін профессор А.Б.Ержиласун мен профессор М.Йылдызды «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Я.Омароғлыға қазақ руханиятын Түркияда насихаттағаны үшін Халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлығы мен медалін табыс етті.