АӨК даму карталары туралы семинар-жиналыс өтті
АӨК даму карталары туралы семинар-жиналыс өтті
Бүгін Астанадағы "Гранд Парк Есіл" қонақ үйінің акт залында ҚР АШМ қолдауымен "ҚазАгро" АҚ ұйымдастырған жиынға вице министрлер Н.Әлтаев пен Р.Кұрманов келіп журналистердің сауалдарына жауап берді.
Жиынды ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Е.Байтанаев жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған вице министр Нұржан Әлтаев АӨК даму карталары туралы қысқаша баяндама жасады.
"АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-20121 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлеген болатын. Бұл он үш карта ауылшаруашылығының өзекті мәселелерін тереңдей талдау негізінде әзірленген. Қазіргі таңда еліміз бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі Қазақстанның экспорттық әлеуеті жылдан жылға өсіп келеді. Осы жылы ет экспорты былтырғы жылға қарағанда пайыздық деңгейі өскен. Бір ғана Иран мемлекеті емес таяу арада бірқатар алпауыт мемлекеттерге де жол ашылады. Әрине біз ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарайтын болсақ онда қазіргі таңдағы кооперативтік қозғалыстың кең етек жаюына жағдай жасағанымыз абзал. Сонда ел экономикасы тең дәрежеде дамитын болады"-, деді ол.