Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады

Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады

Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады
ашық дереккөзі
 Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады. Қырғызстан және қытайдың SINO-Pipeline International Company Limited компаниясы "Қырғызстан-Қытай" газ құбырының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кірісті. Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, жоба құны 1,2 млрд доллар болады. Құрылыс 2019 жылдың аяғында басталады. Жоба уақыты - 3 жыл. Ол құбыр арқылы түркімен газы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумағы арқылы Қытайға тасымалданады. Қырғызстан аумағынан өтетін құбыр ұзындығы - шамамен 215 шақырым.