Алматыда «бомба қойылды» деген жалған хабар беруші ұсталды

Алматыда «бомба қойылды» деген жалған хабар беруші ұсталды

Алматыда «бомба қойылды» деген жалған хабар беруші ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда «бомба қойылды» деп жалған хабар беруші ұсталды. Кеңсеге «жарылғыш қойылды» деп жалған ақпарат беруші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Полиция ер адамның ақпараты бойынша Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы кеңселік ғимараттарды барып тексерді. Алайда «жарылғыш қойылды» деген ақпарат расталмады.  Полиция жалған ақпарат берушіні іздестіруге кірісті. «Жедел бөлімшелердің өкілдері қысқа уақыт ішінде анонимді анықтады және оны ұстады. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында А. есімді 1995 жылғы жұмыссыз ОҚО тумасы ұсталды. Ол аталған қылмысты бұзақылық ниетпен жасаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде», - деп хабарлайды Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, ІІД терроризм актісі туралы жалған мәліметті хабарлау қылмыс екенін және оған қылмыстрық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.