Трамп: АҚШ Ресей және Қытаймен "ұлы әріптес" болуға тырысады
Трамп: АҚШ Ресей және Қытаймен "ұлы әріптес" болуға тырысады
Дональд Трамп АҚШ-тың Қытай мен Ресейге қатысты қатаң ұстанымда болатын жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады. Бірақ ол Вашингтон ұлттық мүддесін қорғай отырып, екі әлемдік державамен "ұлы әріптес" болуға ұмтылады деді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
АҚШ-тың жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай мен Ресей "америка билігіне ықпал жасап, қауіпсіздігі мен дамуына кедергі келтіреді" делінген. Трамп елдің экономикалық дамуын ұлттық қауіпсіздікді қамтамасыз етудің бірден бір жолы деп атап өтті.
"Біз бәсекелесудің жаңа дәуіріне өтіп жатырмыз. Шекарасыз мемлекет – мемлекет емес. Соғыста жеңе алмайтын мемлекет, өзін де қорғай алмайды. Америка – тағы да ойында, Америка бұл ойында жеңуді көздейді", - деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Трамп сонымен бірге Иракта және Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобымен күрескен АҚШ коалициясының жұмысын жоғары бағалады.
Ақ үй Иран мен әлемдік ірі державалар арасындағы қару-жарақ келісімін сынға алды.
Ресми Кремль болса, Вашингтонның Ресейді АҚШ қарсыласы ретінде қарауына қазірден бастап қауіптенетінін жеткізді.