Жаңалықтар

Тоқаев: Апострофты қолдануға әлі ерте

ашық дереккөзі

Тоқаев: Апострофты қолдануға әлі ерте

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша әлі де нақты шешімнің қабылданбағанын айтты. Оның айтуынша, дәл осы себептен апострофты латын әліпбиін қолданысқа енгізу әлі ерте. "Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апостроф" әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық комиссия мүшелерін қоғамдастықтың латын әліпбиін енгізу жөніндегі нәтижелі ұсыныстарына назар аударуға шақырған болатын. Еске салсақ, қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиі елбасының 2017 жылғы 27 қазандағы жарлығымен бекітілген болатын.