Үндістан мейрамханасында робот-даяшылар қызмет көрсетеді

Үндістан мейрамханасында робот-даяшылар қызмет көрсетеді

Үндістан мейрамханасында робот-даяшылар қызмет көрсетеді
ашық дереккөзі
Үндістанның Ченнай қаласындағы мейрамханада роботтар қызмет ете бастады. Қонақтарға енді тамақ пен сусынды даяшы орнына құлтемірлер әкеліп береді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Бұл роботтар тапсырысты орындап ғана қоймай, жуылатын ыдыстарды асханаға апарады екен. Мейрамхана иелері  осылайша қоғамдық тамақтану саласына тың технология енгізгісі бар. Тұтынушылар қалаған тағамына әр үстелде орнатылған арнайы телефон арқылы тапсырыс бере алады. Қызмет көрсету саласында роботтарды қолдану көптеген елде кеңінен таралған құбылыс. Сарапшылар алдағы үш жылда роботтарға сұраныс артады деп топшылап отыр. Адамдар өз қажеттіліктері үшін атап айтсақ, операция жасау, сиыр сауғызу мақсатында немесе қоймадағы заттарды тасу үшін де құлтемірді қолданбақ.