Сербияда Қазақстаның Тәуелсіздік күні аталып өтті

Сербияда Қазақстаның Тәуелсіздік күні аталып өтті

Сербияда Қазақстаның Тәуелсіздік күні аталып өтті
ашық дереккөзі
Белградтағы Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өтті. Бұл туралы елшілікітң баспасөз қызметі хабарлады.  Мерекелік шараға Сербия Парламентінің басшылығы, Сербия үкіметі кабинетінің мүшелері, депутаттар, дипломатиялық өкілдік басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, іскерлік орта өкілдері келді. Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрбақ Рүстемов Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктері, Мемлекет басшысының халықаралық бастамалары және күшті әрі бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған стратегиялық бағдарламалары жөнінде толыққанды айтып берді. Қазақстандық дипломат 2017 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын және достық қарым-қатынастардың арқасында қазақстандық-сербиялық ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Өз кезегінде Сербия заңнамалық органының басшысы Мая Гойкович Қазақстан мен Сербияның бірлескен күш-жігерінің алдағы уақытта да тиімді қарым-қатынастарды нығайтарына сенім білдірді. М. Гойкович Сербияның Қазақстанды маңызды стратегиялық әріптес ретінде санайтынын жеткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымы  қазақ классиктерінің танымал шығармаларын және Сербияның халық әндерін орындап, қазақтың ұлттық билерін биледі.