Дүние жүзіндегі мигранттар саны 258 млн адамға жетті
Дүние жүзіндегі мигранттар саны 258 млн адамға жетті
Жаһан бойынша 258 миллионға жуық адам немесе әлем халқының 3,4 пайызы өздері туған жерде тіршілік кешіп отырған жоқ, яғни мигранттар. Дүйсенбі күні жарияанған халықаралық көші-қон жөніндегі баяндамаға сәйкес 2000 жылдан бері олардың саны 49 пайызға өскен, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл құжатты БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселеер жөніндегі департаменті дайындаған. Оның мәліметтерінше, мигранттардың басым бөлігі он елде тұрып жатыр. Атап айтқанда, 49,8 млн немесе 19 пайызы - АҚШ-та, одан кейін Сауд Арабиясы, Германия және Ресей келеді (олардың әрқайсысында 12 милионға жуық мигрант бар). Бестікті 9 миллион мигрант тіршілік кешіп жатқан Ұлыбритания түйіндейді.
Мигранттардың көпшілігін Үндістаннан шыққандар құрап отыр (17 млн), одан кейін Мексикада туғандар (13 млн) келеді. Ал Ресей, Қытай, Бангладеш, Сирия, Пәкістан және Украинаны тастап шыққандар қатары бүгінгі таңда әрқайсысында алты миллионнан 11 миллион аралығын құрап отыр.