Жаңалықтар

Киевте Саакашвили жақтастары мен полиция арасында қақтығыс болды  

ашық дереккөзі

Киевте Саакашвили жақтастары мен полиция арасында қақтығыс болды  

Киевте Саакашвили жақтастары мен полиция арасында қақтығыс болды. 17 қазанда Грузия экс-президенті Михаила Саакашвили жетекшілік ететін "Жаңа күштер рухы" оппозициялық қозғалысының белсенділері Киевтегі Октябрь сарайын басып кірмек болды. Олар кезекті рет Украина президенті Петр Порошенконың импичментін талап етті. Демонстранттар Октябрь сарайына наразылық штабын құрмақшы болған. Полициямен қақтығыс кезінде зардап шеккендер болған. Саакашвили Октябрь сарайында болған оқиғаны "арандатушылық" деп атады. Желтоқсан айында осымен үшінші рет Киев орталығында "Импичмент маршы" өтіп жатыр. Саакашвили жақтастары ел президенті Петр Порошенкодан бөлек Украина бас прокуроры Юрий Луценконың отставкасын және коррупцияға қарсы сот құруды талап етіп жатыр. Таяуда белгілі болғандай, Саакашвили Украина президенті Петр Порошенкоға келісімге келу жөнінде ұсыныс білдірген. "Азаматтық ұстаным" партиясының лидері Анатолий Гриценко бұл ақпаратты растап, Саакашвилиді мұндай шешімі үшін айыптамауын сұраған. Саакашвилидің қатысуымен наразылық акциясы 17 қазанда басталған.