Дүниежүзілік банк Тәжікстанға 15 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Тәжікстанға 15 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Тәжікстанға 15 млн доллар бөледі
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік банк Тәжікстан ауыл шаруашылығына 15 млн доллар бөледі. Дүниежүзілік банктің (ДБ) директорлар кеңесі Тәжікстанның ауыл шаруашылық саласына қосымша 15 млн доллар бөлуге шешім қабылдады. Бұл жөнінде ДБ-ның Душанбедегі өкілдігі мәлімдеді. Жоба тәжік фермерлері мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға арналған. Дүниежүзілік банктің Тәжікстандағы тұрақты өкілі Ян-Петер Олтерс Тәжікстанда өндірілетін азық-түлікті экспортқа шығаратын болса, кәсіпкерлерге өндірісті арттырып, жұмыс күшін көбейтуге мүмкіндік беріледі деп есептейді. Ауыл шаруашылығы саласын коммерциализациялау жобасына халықаралық даму қауымдастығынан 22 млн доллар бөлінеді. Бұл жоба аясында мыңнан астам жеке кәсіпкерге 3,3 млн доллар шамасында қаржы беріледі.