Алексей Полторанин – Әлем кубогінің қола жүлдегері

Алексей Полторанин – Әлем кубогінің қола жүлдегері

Алексей Полторанин – Әлем кубогінің қола жүлдегері
ашық дереккөзі
Алексей Полторанин Әлем кубогінде қола жүлдегер атанды. Алексей Полторанин Әлем кубогінде қола жүлдегер кезеңінде шығысқазақстандық спортшы 15 шақырым қашықтықта классикалық әдіспен із кесу жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Әлемнің кіл мықты шаңғышылары бас қосқан бәсекеде барлығы 87 спортшы жүлде үшін талас жүргізді. Олардың қатарында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Алексей Полторанин де болды. Көшбасшыдан 49 секунд қалып келе жатқан шығысқазақстандық шаңғышы жарыс жолына 14-інші болып шықты. Сайысқа дейін Алексей уақыт айырмашылығымен негізгі қарсыластарынан айтарлықтай қалып тұрды. Алайда тыңғылықты дайындығы мен тәжірибесінің арқасында мәре сызығын 3-інші  болып кесіп, үздік уақыт көрсете білді. Шығысқазақстандық спортшы норвегиялық, ресейлік шаңғышыларды алға жіберіп, 33.35.06 уақытымен Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдесін иеленді.