Ресейде ресми түрде сайлау науқаны басталды
Ресейде ресми түрде сайлау науқаны басталды
Ресейде ресми түрде сайлау науқаны басталды. 18 желтоқсанда Ресейде ресми түрде президент сайлауы науқаны басталды. "Российская газета" Федерация кеңесінің "Ресей президентін сайлау туралы" қаулысын жариялады.
Енді партиялар мен өз-өзін ұсынған кандидаттар Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсыруына болады. Сайлауға тіркелу үшін өз-өзін ұсынған кандидаттар 300 мың қол, партия ұсынатын кандидаттар 100 мың қол жинауы керек. Ал парламенттік партияның кандидаттары қол жинаудан босатылады.
Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилованың айтуынша, президент сайлауына 23 адам өз-өзін ұсынбақ. Олардың қатарында елдің қазіргі президенті Владимир Путин, Владимир Жириновский, тележүргізуші Ксения Собчак пен Екатерина Гордон, бизнесмен Сергей Полонский, бизнес-омбудсмен Борис Титов және оппозиционер Алексей Навальный бар.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресей президент сайлауына 15 миллиард рубль жұмсамақ. Ресейдегі президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген.