Дәрігерлер күніне 400 мың адамды қабылдайды

Дәрігерлер күніне 400 мың адамды қабылдайды

Дәрігерлер күніне 400 мың адамды қабылдайды
ашық дереккөзі
Дәрігерлер күніне 400 мың қазақстандықты қабылдайды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Қазақстан медицинасындағы танымдық статистикамен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  «Күн сайын 400 мыңға жуық қазақстандықтар дәрігерлердің қарауына жүгінеді және 8 мыңға жуық емделушілер ауруханаға жатқызылады, күн сайын 1 мыңға жуық әйелдер бала сүйіп, ана атануда. Хирург дәрігерлер тәулігіне 2 мыңға жуық емделушілерге ота жасайды, күніне жедел көмек көрсету қызметі ауруларға медициналық көмек көрсету үшін 20 мың рет жолға шығады. Медицина саласындағы зор жетістіктерге ақ xалатты абзал жандардың еңбегінің арқасында қол жеткізіп отырмыз», - деп жазды министр ведомствоның Фейсбуктегі ресми аккаунтында. Оның айтуынша, «26 жылдың ішінде Қазақстан түрлі салаға өмірлік маңызы бар өзгерістерді енгізе отырып, дамытуда зор жетістіктерге қол жеткізді». «Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың күтілген өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға ұзартылды және жас ұзақтығы -72,5 жасты құрады, ана өлімі 5,3 есеге азайды, сәби өлімі 3 есеге, жұқпалы туберкулез ауруынан қайтыс болғандар саны 3 есеге, қанайналым жүйесіндегі ақаулардан пайда болған аурулардан 2 есеге, қатерлі жаңа ісік ауруларынан қайтыс болғандар саны 1,5 есеге азайды. Сондай-ақ, 1326 денсаулық сақтау нысандары құрылды», - деп бөлісті министр.