Чилидің жаңа президенті кім?

18 желтоқсан, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Чилидің жаңа президенті кім? Чилиде өткен президент сайлауында миллиардер Себастьян Пиньер жеңіске жетті, деп хабарлайды Telegraph. Елдің орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке қарағанда, 99,62% дауыстың 54,57%-і Пиньерге, ал қалған 45,43% дауыс сенатор-оңшыл Алехандро Гильиерге берілген. «Мен қарсыласым Себастьян Пиньерді жеңісімен құттықтап қоңырау соқтым», - деді Гильиер Сантьягода өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, Чилидің қазіргі президенті Мишель Бачелетте де Пиньерді жеңісімен құттықтады. Айта кетсек, Себастьян Пиньер Чилиді 2018 жылдан 2022 жылға дейін басқаратын болады.