Жаңалықтар

Бақұл бол, қазақтың Төлегені!

ашық дереккөзі

Бақұл бол, қазақтың Төлегені!

Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Парасат» орденінің иегері Құман Тастанбеков пәниден бақилыққа аттанды. Ол 1945 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген. 1969 жылдан бастап М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының артисі болды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық және әлемдік классика мен заманауи драматургияда – О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Қасым,  «Ақ кемесінде» Құлбек,  Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Цезарь,  Ф. Эрвенің «Түлкі бикешінде» Флоридор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархад,  Жұлдызшы, Еврипидтің «Медеясында» Ясон, т.б.