Жаңалықтар

Шымкентте 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді  

ашық дереккөзі

Шымкентте 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді  

Бүгін Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында заман талабына сай жабдықталған жаңа 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

№130 жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында есігін айқара ашып отырған мектеп жаңа бастамаларға бай екенін атап өтті.