Сапарбаев пен Ахметовке "Отан" ордені табыс етілді
    
        15 желтоқсан, 2017 /
        Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
    
    
            
    
    
    
                                    Сапарбаев пен Ахметовке "Отан" ордені табыс етілді
                        
                                    Сапарбаев пен Ахметовке "Отан" ордені табыс етілді. Бердібек Сапарбаев пен Даниал Ахметовке "Отан" ордені табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.
Қазақстан Президенті резиденциясында мемлекеттік жүлделер мен сыйақыларды табыстау рәсімі өтті. "Отан" ордені - Қазақстан Республикасындағы жоғары ордендердің бірі. Орден ерекше еңбек атқарған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ, "Отан" ордені "Халық Қаһарманы" немесе "Еңбек ері" атақтарын алған азаматтарға беріледі.