«Шекарасыз дәрігерлер»: Мьянмада шамамен жеті мың рохинджа өлтірілген
«Шекарасыз дәрігерлер»: Мьянмада шамамен жеті мың рохинджа өлтірілген
«Шекарасыз дәрігерлер»: Мьянмада шамамен жеті мың рохинджа өлтірілген. Мьянмада кем дегенде 6700 мұсылман рохинджа жергіліктің биліктің қыспағы салдарынан құрбан болды. Бұл туралы "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы хабарлады.
Мұндай мәліметті ұйым Мьянмадан қашқан босқындар лагерінде жүргізілген сауалнама арқылы алған. Құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін.
Ұйым мәліметіне қарағанда, Мьянма үкіметі жүргізген антитеррористік операция басталған шақта адам көп қырылған. Билік 400 адам қаза тапты деп отыр. Олардың көбі "экстремистер" делінеді.
Тұрғындарының басым бөлігі будизм ұстанатын Мьянмада жергілікті билік мұсылман рохинджаларды тықсырып отыр. Тамыз айының соңында жүздеген мұсылман елден қашуға мәжбүр болды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мьянма билігінің әрекетін "этникалық тазалау" деп атады.