Жаңалықтар

Өртеніп жатқан үйден бауырларын алып шыққан 8 жасар қыз марапатталды

ашық дереккөзі

Өртеніп жатқан үйден бауырларын алып шыққан 8 жасар қыз марапатталды

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден сіңлісі мен бауырын алып шыққан қызға алғыс хат берілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы құтқарушылары ҚР ІІМ ТЖД төрағасы атынан 8 жасар оқушы қызды алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады. “Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының №3 мектебінде 3 сыныпта оқитын Совет Ұлдана Дәуірқызы үлкен ерлік жасады. Оқушы 9 қарашада өртке оранған үйден сіңлісі мен бауырын алып шықты”, — делінген ТЖД хабарламасында. Сол күні балалардың анасы түнгі ауысымға жұмысқа кетіпті. Ал ересек қыздары туыстарына кеткен екен. Түн ішінде үйден өрт шығады, 8 жастағы қыз құтқарушылар келгенше кішкентай балаларды алып шыққан.