Шығыс медицинасы контрабандасы өршіп барады

Шығыс медицинасы контрабандасы өршіп барады

Шығыс медицинасы контрабандасы өршіп барады
ашық дереккөзі
Шығыс медицинасы контрабандасы әлемдегі ең үлкен қылмыстық бизнеске айналды. Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.  Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірінші орында Шығыс елдерінде, яғни Қытай және Таиландта жасалған жасалған дәрі-дәрмектер тұр. Кәсіби дәрігерлер олардың пайдасы мен тиімділін жоққа шығарады. Еуроодақтың кеден органдары тәркілеген табиғи тауарлардың 42 пайызын осы дәрілер құрайды екен. БҰҰ-ның есебі бойынша, заңсыз дәрі-дәрмек саудасының көлемі 3,4 миллиард доллар. АҚШ-та бұл заңсыз кәсіп түрі үшінші орында тұр. Иэн Соува, Ұлыбритания шекара қызметінің офицері: - Тәркіленетін емдік дәрі-дәрмектер қатарына Азиядан келетін препараттар да қосылды. Олар сан алуан. Денсаулыққа қажеттілері, бұлшық ет өсіруге арналғандары және басқа да түрлері көп.