Елбасы үш азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Елбасы үш азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін: Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы; Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы; Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан