Жаңалықтар

Өскеменде жаңа әуежай терминалы ашылды

ашық дереккөзі

Өскеменде жаңа әуежай терминалы ашылды

Өскеменде жаңа әуежай терминалы ашылды. Өскеменде бүгін сағатына 200 жолаушыны қабылдауға қауқарлы халықаралық әуежайдың жаңа терминалының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Аймақ басшысы Даниал Ахметов ғимаратты аралап, оң бағасын берді. «Бұл нысанның құрылысы өңір үшін өте маңызды. Себебі, елдің шығысы Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия арасындағы көпір іспеттес. Бұл төрт елдің тығыз интеграциясына жасалған тағы бір қадам саналады», - деп атап өтті жиында әкім. Сондай-ақ, ол Семейдегі әуежай жобасының құрылысы 1 шілдеге қарай аяқталатынын хабарлады. «Ол жерде де тап осындай қабылдау конвейері болады. Бізде екі тамаша әуежай болады, бұл дегеніміз - мыңдаған адамдар екі ірі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жоғары авиациялық қызметтерді қолдана алады деген сөз», - деді өңір басшысы. Бұл әуежай арқылы Шығыс Қазақстан Анталия, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Астана, Қарағанды, Шымкент әуе рейстерімен және ШҚО аудандарының орталығымен байланысып жатыр. Чартерлік рейстер дүниежүзі бойынша жүзеге асырылуда.