Жаңа тағайындаудан – жаңа реформаға

Жаңа тағайындаудан – жаңа реформаға

Жаңа тағайындаудан – жаңа реформаға
ашық дереккөзі
Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеген Елбасы Н.Назарбаев еліміздегі құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту үдерісіне тоқталып, бұл жүйеде кадрлық өзгерістер жасаудың қажеттілігін атап өтті. Қазақстан Президенті Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған кандидаттың жеке қасиеттері мен кәсіби машықтарын атап өтті, сондай-ақ Қайрат Мәмиге еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын Парламент Сенатына келісу үшін ұсынды. – Ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ұзақ жыл жұмыс істеді. Басшылық қызметтегі және прокуратура органдарындағы тәжірибесі мол. Оның Бас прокурор лауазымына ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалады, – деді Қазақстан Президенті. Парламент Сенатының депутаттары ашық дауыс беру арқылы Қ.Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату және осы қызметке Ж.Асановты тағайындау туралы қаулы қабылдап, сондай-ақ, Қ.Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді. Соңында Қазақстан Президенті еліміздің сот және құқық қорғау жүйесінде сапалы әрі уақтылы реформалар жүргізудің маңыздылығына тағы да назар аударды. Осылайша, Президенттің Өкімімен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы; Жанат Қуаныш­ұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Дәулет Рысқұлбек­ұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен; Марат Ғанұлы Демеуов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен; Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.