Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотаға қатысты хатқа жауап берді
Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотаға қатысты хатқа жауап берді
Қазақстанның Ұлттық банкі швейцариялық фотограф Марсель Буркхардтың хатын алды. Фотограф осыған дейін 500 теңгелік купюрадағы суреттің авторы өзі екенін мәлімдеген болатын. Оның бұл хатына жауап заңмен белгіленген уақытта берілетін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына ҚР Ұлттық банкінің қаржы мәселелері бойынша Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің директоры Александр Терентьев хабарлады.
"Ол хат жазды, хаты бізге келді. Қазақстан заңнамасына сәйкес белгіленген уақытта жауап береміз", - деді Терентьев.
Еске сала кетейік, жақында швейцариялық фотограф Марсель осы мәселені осы күйі қалдыра беретінін айтқан еді. Фотограф Tengrinews.kz тілшісіне де бұл мәселені осы қалпында қалдыруды шешкенін айтты. "Көріп отырғанымдай, бұдан ештеңе шықпайды. Мен олардан 500 теңгелік банкнота түсірілген сертификат аламын деп сенемін. Менің жолым болар мүмкін", - деді ол.
Еске салайық, мұның алдында ҚР Ұлттық банкінің өкілдері банкнотадағы құстың суретіне қатысты пікір білдірген еді. "Бұл жағдайда Ұлттық Банктің дизайнерлері натура ретінде құстың суретін қолданды. Жаңа банкнотадағы шағаланың ұқсастығы оның көп кездесетіндігімен түсіндіріледі. Банкнотада бейнеленген шағаланың кейпі мен ұшып бара жатқан сәті мұндай қанаттылар түріне тән. Мұндай суреттер өте көп", - деп түсіндірген еді Ұлттық банктегілер.