Бердібек Сапарбаев дәрі бағасын көтергендерге қатаң ескерту жасады

Бердібек Сапарбаев дәрі бағасын көтергендерге қатаң ескерту жасады

Бердібек Сапарбаев дәрі бағасын көтергендерге қатаң ескерту жасады
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында дәрі бағасы 200 теңгеге дейін қымбаттаған. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.   Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәріхана басшыларымен кездесу өткізді. Себебі, облыс әкімдігі, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті арасындағы меморандум келісімі орындалмай отыр. Келісім бойынша дәрінің 106 түрі қымбаттамауы тиіс еді. Тексеру нәтижесінде баға 5-200 теңге аралығында өскені анықталды. «Бұл мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Нақты тапсырмалар берілді. Ақтөбеліктердің, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен шағымдарға қарағанда бағаның көтерілуі әлі де өзекті мәселе болып тұр. Бұл - меморандумның орындалуын жеткілікті қадағаламаудың нәтижесі. Мемлекет басшысы дәрі бағасын өсіруге жол бермеу жөнінде айтты, Үкіметтің тиісті тапсырмасы да бар. Біз дәрі-дәрмек құнын бақылау жұмысын қайта жаңғыртып, күшейтуіміз керек. Бағаны қадағалауға жұртшылық пен депутаттарды тартуымыз қажет», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар, облыс тұрғындары дәріханалардағы дәрілік заттардың жетіспеушілігіне жиі шағым айтады. Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе тұрғындары оксалин майы секілді кең тараған дәрілерді де табу қиын екендігін жазған. Тапшылық «тұмау маусымының» басталуына байланысты туындаған. «Осындай жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Ертерек дайындалуға болады ғой. Жағдайды түзету керек. Сараптама жүргізіп, дәрілік заттардың қаңтар мен ақпан айларына жететін қорын жасаңыздар. Дәріге мұқтаж жандарды, қарттарды, зейнеткерлерді, балаларды ойлаңыздар. Бағаны көтермеңіздер»,- деді Бердібек Сапарбаев.