Жаңалықтар

2015 жылдың ең қымбат автокөлігі анықталды

ашық дереккөзі

2015 жылдың ең қымбат автокөлігі анықталды

Осымен үшінші жыл қатарынан жапондық Toyota маркасы әлемдегі ең қымбат автокөлік бренді ретінде танылып отыр. Десе де, бір жыл ішінде брендтің бағасы 2 пайызға түсіп үлгерген. Millward Brown компаниясының бағалауы бойынша, Toyota маркасының бағасы 28, 913 млрд долларды құраған. Аталған баға 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға кем болып шыққан. Осы көрсеткіш арқылы Toyota үшінші рет әлемдегі қымбат көлік маркаларының көшін бастап тұр. Екінші орында бавариялық BMW тұр. Оның бағасы 26, 349 млрд долларға бағаланған. Өткен жылмен салыстырғанда автакөлік бағасы 2 пайызға көтерілген. Ал неміс маркасы «Қола» — Mersedes-Benz автокөлігі үздік үштікке ілікті. Оның бағасы — 21, 786 млрд долларды құрайды. Ал әлем бойынша қымбат автокөліктердің 10-дығына кіргендердің қатарында, Honda (13,332 миллиард доллар), Ford (13,106 миллиард доллар), Nissan (11,411 миллиард доллар), Audi (10,127 миллиард доллар), Volkswagen (9,283 миллиард доллар), Land Rover (4,987 миллиард доллар), Lexus (4,329 миллиард доллар) бар.