Ел аумағында ресейлік телеарналар ретрансляциясы жалғасады

Ел аумағында ресейлік телеарналар ретрансляциясы жалғасады

Ел аумағында ресейлік телеарналар ретрансляциясы жалғасады
ашық дереккөзі
Еліміздің аумағында «НТВ-Мир», «РТР Планета», «Россия 24», «Россия Культура» телеарналарының ретрансляциясы жалғаспақ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясы Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі басшылықтарының арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2018 жылдың 1 наурызына дейін қазақстандық телехабар тарату кабельдік операторлары үшін «НТВ-Мир», «РТР Планета», «Россия 24», «Россия Культура» телеарналарының қолданыстағы лицензиялық құнын сақтау туралы келісім жасалды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағында аталған ресейлік телеарналардың ретрансляциясы жалғасады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 2018 жылдың басында екі елдің арасындағы телерадио хабар тарату саласындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілері талқыланатын келіссөздер жүргізіледі, деп атап өтті министрлікте.