Жаңалықтар

ФИФА шенеуніктеріне 150 млн доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды

ашық дереккөзі

ФИФА шенеуніктеріне 150 млн доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды

АҚШ-тың әділет министрлігі ФИФА шенеуніктері бопсалаушылық және жемқорлық мақсатында 150 млн доллар көлемінде пара алды деп айыпталып отыр деп хабарлайды. Тіптен, қылмыстық іс қозғалып, ФИФА атқарушы комитетінің вице-президенті Джеффри Уэбб және Эухенио Фигередо, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Америка Конфедерациясының экс-преиденті Джек Уорнер қамауға алынған. Спорттық маркетингке қатысы бар Эдуардо Ли, Хулио Роча, Костас Таккас, Рафаэль Эскуивель, Хосе Мария Марин, Николя Леос, Алехандро Бурзако, Аарон Дэвидсон, Уго Джинкис және Мариано Джинкис, заңсыз төлемдер кезінде өзара делдал болды деген болжаммен қамауға алынған. Футболдан екі әлем чемпионатының иелерін анықтау кезіндегі заң бұзушылық орын алған. 2018 жылғы чемпионат үшін Ресейді, 2022 жылға Катарды таңдап алуы әлемдік қоғамдастықтың өткір пікірталасын туғызған еді. Оларды таңдау кезінде әділетсіз күрес өткізуі бекмүмкін. Ал  өз кезегінде ФИФА 2018 жылғы және 2022 жылғы әлем чемпионатының иелерін анықтау кезінде ешқандай қателік болған жоқ деп мәлімдеді. Ассоциация терең зерттеу жүргізіп, бір жыл бойы 75 куәгерге сауалнама жүргізіп, 200 мыңға бетке жуық материалдар жариялады. Бірақ аталған елдерге ешқандай айып тағылған жоқ. ФИФА-ның этика бойынша комитеті «тергеу кезінде алынған ақпарат» негізінде жекелеген футбол функционерлерін жауапкершілікке тартуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Дәл қазір Халықаралық футбол федерациясының 10 жоғары лауазымды шенеунігі Швейцарияда қамауда. Олар бірнеше жыл ішінде миллиондаған доллар көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр. Ойыннан бизнеске айналған ФИФА-дағы жанжал бірнеше сағат ішінде әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып үлгерді.