Жаңалықтар

ЮНЕСКО мәдени мұралары тізіміне көкпар қырғыздар атынан енгізілді

ашық дереккөзі

ЮНЕСКО мәдени мұралары тізіміне көкпар қырғыздар атынан енгізілді

Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің отырысында бірқатар елдің өтініші қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша көкпар ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.   Халықаралық ұйымның мәліметінше, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің он екінші сессиясында танымал әдет-ғұрыптар мен шығармашылық бойынша 34 өтінім қарастырылған.Қырғызстанның атынан көкпар, ал Қазақстанның атынан дәстүрлі асық ату ойынын мәңгі есте қалдыру ұсынылған. Тәжікстан бұл тізімге фалак ұлттық әнін, Ал Түрікменстан мен Армения ескі билерді қосуды сұраған. Әзербайжан мұралар тізіміне долманы жасау тәсілін енгізуге өтініш беріпті. Өткен жылдың желтоқсанында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізімін Наурыз мейрамы толықтырған болатын.