Сарапшылар: Биткоин күйреуі мүмкін...

Сарапшылар: Биткоин күйреуі мүмкін...

Сарапшылар: Биткоин күйреуі мүмкін...
ашық дереккөзі
Даниялық Saxo Bank инвестбанкі 2018 жылға арналған «Таңқалдырарлық жорамалдар» есебін жариялады, деп жазады ВВС. Даниялық банк 15 жылдық дәстүр бойынша ықтималдығы бағаланбайтын негізгі оқиғалардың бір парасын жариялады. Олардың арасында биткоинның күйреуі, ұжымдық феминиз рәсімі, Apple-дың әлсіреуі сияқты болжамдар бар. Өз кезегінде, Saxo Bank «таңқалдырарлық жорамалдардың» - болжам емес, тек жағымсыз жағдайлардан ескерту ғана екендігін атап өтті. Saxo Bank-тің баяндамасында, биткоин құнының 2018 жылы бірден түсіп кетуі мүмкін екендігі айтылады. Сарапшылар Ресей мен Қытайдың криптовалютаға тыйым салғаннан кейін күйрейтінін айтуда. «Биткоин 60 мың долларға жетіп, кейін 1000 долларға дейін құлауы мүмкін», делінген баяндамада. Сондай-ақ, 2018 жылы әйел-басшылардың саны артады. Fortune 500 бас директорлар тізіміндегі әйелдер саны екі есе өседі, делінген зерттеуде. Зерттеуге сәйкес, 2018 жылы мұнай саласындағы мәмілелерде юаньнің рөлі айтарлықтай күшейеді. Әлемдегі мұнай импортшылары мен шикізат өндірушілер юань арқылы есеп айырысуы мүмкін. Алдағы жылда Apple әлемдегі ең ірі компания атағынан айырылуы мүмкін. Saxo Bank-нің айтуынша, Қытайдың интернет-гиганты Tencent-ның капитализациялануы 2018 жылы екі есеге өсіп, нарықтық құн бойынша Apple-ді басып озбақ, 2018 жылы ақшаның құнсыздануы мен құнды қағаздар бойынша табыс салдарынан Жапонияның ұлттық валютасы долларға шаққанда құнсыздануы мүмкін. Айта кетейік, бұл зерттеуде қаржыгерлер көптеген адамдардың оқиғаның ықтималдығын 1% деп бағалауы, бірақ ол оқиғалардың орын алу ықтималдығы 10%-ға жуықтайтын оқиғалар туралы баяндалады.