Жаңалықтар

Әлемде 17 млн сәби лас ауамен тыныстап жүр

ашық дереккөзі

Әлемде 17 млн сәби лас ауамен тыныстап жүр

Жер бетінде жасқа толмаған 17 миллион нәресте улы газдармен ластанған ауамен тыныстап жүр. Ол дүние есігін енді ғана ашқан шақалақтың миына кері әсер етіп, дамып жетілуін тежейді, деп жазады 24.kz Мұндай мәліметті ЮНИСЕФ Балалар қорының мамандары хабарлады. Ластанған ауадан әсіресе Оңтүстік Азия елдерінің тұрғындары көп зардап шегеді. Өйткені бұл аймақтағы ауаның ластануы қалыпты деңгейден алты есе асып кеткен. Сондықтан ЮНИСЕФ ауасы ластанған аймақтарға баламен бармауға және улы газдан қорғайтын бетперделер қолдануға кеңес берді. Айта кетейік, өткен айда Үндістан астанасы Делидің кей аудандарында ауа құрамындағы улы газдың үлесі қалыпты деңгейден 30 есеге асқан. Ал Қытайдың солтүстігіндегі тұрғындар үнемі лас ауамен тыныс алғандықтан орташа өмір сүру жасы үш жылға азайды.