6 мұсылман елінің азаматтары АҚШ-қа кіру құқынан айрылды

6 мұсылман елінің азаматтары АҚШ-қа кіру құқынан айрылды

6 мұсылман елінің азаматтары АҚШ-қа кіру құқынан айрылды
ашық дереккөзі
АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын иммиграциялық жарлығын толық қолданысқа енгізетін шешім шығарды, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Бұған дейін төменгі сот инстанциялары Трамптың жарлығының қолданысқа енуіне тыйым салған болатын. Бұдан соң Трамп әкімшілігі ол сот шешімдерінің күшін жою туралы Жоғарғы сотқа өтініш түсірген. Ақ үй өтінішін Жоғарғы соттың алты мүшесі қолдап, екі мүшесі қарсы дауыс берді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Хоган Гидли президент әкімшілігі Жоғарғы сот президенттің "терроризм қаупі жоғары" елдер азаматтарының елге кіруін шектейтін жарлығын қолдағанына таңданбағанын айтты. Енді, жарлықта көрсетілгендей, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Чад мемлекетінің азаматтарына АҚШ-та тіпті жақын туыстары тұратынына қарамастан елге кіруіне тыйым салынбақ. Бұған дейін президент жарлығына Гавайи штаты мен Америкалық азаматтық еркіндікті қорғау одағы (ACLU) сотқа шағымданған. Шағымданушылардың пікірінше, жарлық мұсылмандар құқығын бұзады әрі АҚШ Конституциясына қайшы және ол Трамптың сайлауалды кампаниясында айтқан "мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне толық тыйым салу" туралы сөзін жүзеге асырады. "Трамптың мұсылмандар туралы қате түсініп жүргені жасырын емес. Ол мұны әлденеше рет дәлелдеген" дейді ACLU заңгері Омар Джават.