Мағауов жаңа орынға жайғасты

Мағауов жаңа орынға жайғасты

Мағауов жаңа орынға жайғасты
ашық дереккөзі
Әсет Мағауов Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы қауымдастық баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бұйрығымен "Kazenergy қазақстандық мұнайгаз және энергетика ұйымдарының қауымдастығы" бас директоры болып 4 желтоқсанда Әсет  Мағауов тағайындалды. Ол қауымдастықты 2012-2016 жылдары басқарған. Бұдан бұрын Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған еді, биыл қазан айында ҚР үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатқан болатын. Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жанармай ахуалына байланысты сөгіс жариялаған.