Жаңалықтар

ТҮРКИЯДА ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ КҮНДЕРІ ӨТТІ

ашық дереккөзі

ТҮРКИЯДА ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында қазақтың белгілі ақыны Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы Түркияның ең үлкен қаласы Ыстамбұл мен астанасы Анкара қаласында аталып өтті. Атақты ақын, әрі сазгер, әрі әнші Әсетке арналған бұл шараларды Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырды.