Қазақ сарбазы әлем рекордын жаңартпақ

Қазақ сарбазы әлем рекордын жаңартпақ

Қазақ сарбазы әлем рекордын жаңартпақ
ашық дереккөзі

Қай сында да қазақ жігіттері қара күштің иесі екендіктерін дәлелдеп келеді. 43386 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Ержан Әбілмансұров Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ержан Әбілмансұров турникте екі қолына жаттығу жасаудан әлемдік рекордты жаңартпақ. Ол 1 сағат 40 минутта 400 рет, яғни минутына 25 рет тартыла алады. Гиннестің рекордтар кітабына ену – сарбаздың негізгі мақсаты болмаған, бұл қазақстандық әскерилердің физикалық дайындықтарының міндетті көрсеткіші екен. Яғни, ол сарбаздардың бәріне бірдей қойылған талапты орындауға күш салған. Жаттығудың шарты бойынша, турникте екі қолмен дененің жартысына дейін көтерілу керек. Сондықтан да бұл турникке жай тартылудан әлдеқайда қиын және физикалық дайындықты, көп күшті қажет етеді. Егер Гиннес рекордтар кітабы Ержанның өтінішін қабыладса, ол жаттығудың бұл түрінен қазір әлемдік рекорд жасаушы белорус Максим Трухановецтің көрсеткішінің орнына қазақ сарбазының көрсеткіші жазылады. Ол турникке минутына 21 рет тартыла алады екен.