Жаңалықтар

Өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 2 млн теңге беріледі

ашық дереккөзі

Өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 2 млн теңге беріледі

ОҚО-да кәсіп бастағысы келетін жастарға 2 млн теңгеге дейін несие беріледі. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымына берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін өткен өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Сала мамандарының сөзіне қарағанда, елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Әсіресе, жас бизнесмендер үшін мүмкіндік зор.

Елбасының тапсырмасы негізінде кәсіп бастағысы келетіндерге оңтайлы жобалар ұсынылуда. Соның бірі - «Жастарды қолдау» болып отыр. Игі жобаның негізгі мақсаты - жастар арасында жұмыссыздықты жойып, тиімді деген бастамаларын қолдау. Тағы бір тың жобалардың бірі «Жас кәсіпкер» бағдарламасы байқау форматында өтеді. Желтоқсан айында ұйымдастырылатын конкурста 50 жоба іріктелмек. Үздіктерге «Ырыс» микроқаржы ұйымының басшылығы 2 миллион теңгені 60 айға дейінгі мерзіммен 7 пайызбен ұсынатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған қаржыға қол жеткізу үшін кепілдікке мүлік ұсынылады.

Сондай-ақ  екі адам сенімді өкіл болуы тиіс. Байқауға кез-келген бизнес идеясы бар 18-29 жас аралығындағы тұрғындар азаматтар қатысуға мүмкіндік алмақ.