Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейден бастады
Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Ресейден бастады
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков алғашқы сапарын Мәскеуден бастауын «терең мағыналы» деп атады.
«Осылай болуы да керек. Мен бірінші рет осы жерде болуға тиістімін. Бұл біздің қарым-қатынасымызды, стратегиялық әріптестігімізді терең нығайтуға ниеттіміз дегенді білдіреді. Мен сізге қырғыз-ресей дамуына аса мән беріп отырғаныңыз үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында.
Владимир Путин Жээнбековті сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Сіз өте кәсіби қызметкерсіз. Үкіметті басқардыңыз. Екі елдің стратегиялық қарым-қатынасының дамуына ат салыстыңыз. Сіздің қатысуыңызбен Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды. Қазір екі ел арасында тауар алмасу 32 пайызға өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ертең Минскіде қауіпсіздік саласын талқылаймыз. Маған сіздің президент ретінді бірінші сапарыңызды Ресейден бастауыңыз қуантады», - деді ол.
29 қарашада Сооронбай Жээнбеков президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейден бастады.