Ұлт саулығы салғырттықты көтермейді

Сондай-ақ!

Талдықорғандағы жарылыс: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның денесінің 98 пайызы күйген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда Талдықорған қалалық көпсалалы...

«Наполидің» стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис «Наполи» клубының Сан-Паоло стадионына команданың бұрынғы ойыншысы, даңқты спортшы, марқұм Диего Марадонаның есімі берілетінін мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net. «Тамаша идеялар...

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін айыптаған блогер Гүлбану Әбенованы ақпараттық киллер деп атады. «Мен жала жапқан...

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша партиялық тыңдау өтті. Саяси кеңес мүшелеріне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері есеп берді.

Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен денсаулық сақтау саласының тыныс-тіршілігін қадағалау партия үшін ең маңызды мақсаттардың бірі екендігін атап өтті.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеген-ді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова хабарлады.

– Белгіленген іс-шаралардың қай-қайсысы да облыс тұрғындарының денсаулығын нығайта түсуді және өңір халқының орташа өмір жасын 2019 жылға дейін 73 жасқа жеткізуді көздейді. Бұл межеден көрінуге облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жеткілікті. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндет-мақсаттарды орындау үшін 5542,5 млн теңге бөлінді. Осы қаражаттың 5192,3 млн теңгесі республикалық бюджеттен, ал жергілікті қазынадан 350 млн теңге бөлініп, қаржы 100 пайыз игерілді, – деді Г Әбдірахманова.

Ол өз баяндамасында мемлекеттік-жеке әріптестік жобалары бойынша Денсаулық сақтау басқармасы жекешелендіруге және сенімгерлік басқаруға беруге 3 нысан қарастырылғанын тілге тиек етті.

– Бүгінде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жекешелендіруге берілсе, ал «№4 Орал қалалық емханасы» МКК сатып алу құқығынсыз 7 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы денсаулық сақтау нысандарының материалдық техникалық әлеуетін жақсарту үшін биыл 19 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Бірінші қазанға дейін 113 медициналық техника сатып алынды. Жыл соңына дейін 21 дана санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланған. Тек биылдың өзінде облысқа 43 жас маман келсе, солардың 31-і аудан-ауылдарға жол тартып, еңбек жолдарын бастаған.

Дәрігерлердің тапшылығын мүмкін­дігінше азайту үшін кардиология, отоларингология, офтальмология, неврология, рентгенология, сәулелі диагностика және басқа да мамандықтар бойынша кадр даярлау жоспарлануда. Мәселен, медициналық мекемелер есебінен жастарды оқыту жолға қойылмақ. 2017 жылы облыс әкімі жоғары медициналық оқу орындарында оқу үшін жергілікті жастарға 24 грант бөлді.

2017 жылдың қазан айында оқу-клиникалық орталығы ашылды. Бұл мекеменің ең басты міндеті – облыс тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жергілікті қызметкерлердің білім-білігін арттыруға қызмет ету.

Жиын соңында облыс халқының денсаулығын нығайта түсу үшін Батыс Қазақстан облыстық білім, спорт және денешынықтыру басқармаларымен, қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен, аудан әкімдері және Орал қаласының басшылығымен басқа да мемлекеттік құрылымдармен мекемеаралық іс-шараларды жүйелі жолға қойып, жетілдіре түсу мәселесі де сөз болды.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Денесі құрысып қалады». Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді...

Британдық дәрігер шаш түсуін тоқтату тәсілін айтты

Британдық трихолог Филипп Кингсли шаштың қалыпты өсіміне қай дәруменнің тапшылығы кедергі келтіретінін...

«Екі адам тірідей өртеніп кетті» Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен...

Талдықорғандағы жарылыс: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның...

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...